12.12.2022, 16:30
Оқылды: 55

Өткен аптада Қазақстанда қандай қылмыс жиі тіркелді

Өткен аптада Қазақстанда 2700-ден астам қылмыс тіркелген. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

18

«Бір апта ішінде 2741 қылмыс жасалды, оның 1684-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 8 кісі өлтіруді, 10 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылық, 31 тонау және 383 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді Ішкі істер министрлігінің өкілі апталық онлайн брифингіде.

Сонымен бірге, жолдағы бақылауды күшейту мақсатында 5-11 желтоқсан күндері республика көлемінде «Автобус» жедел-профилактикалық шарасы өткен. Жол қозғалысын қадағалау кезінде 17 869 ереже бұзу фактісі анықталған. Оларды қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған, оның ішінде мас күйінде көлік басқарудың 18 фактісі, қарсы жолаққа шығудың 10 фактісі, 945 багажды күту және жүк тасымалдау ережелерін бұзу, 658 – көлікті заңсыз қайта жабдықтау, 536 – жылдамдықты арттыру және 2 877 көлік айдау кезінде телефонды қолдану фактісі бар. Жолаушыларды заңсыз таымалдаудың 277 оқиғасы анықталған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале