13.12.2022, 11:15
Оқылды: 69

Ауылдарда 700 жаңа медицина нысаны салынады

Ауылдың денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту үшін 200 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

19

«Сондай-ақ ауылдағы әлеуметтік салада өзгерістер болады. Ауылдың денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту үшін арнайы жоба қолға алынады. Шамамен 700 жаңа медицина нысаны салынады. Көп салалы 32 аудандық ауруханада жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Осының бәріне 200 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент аймақтарда инфрақұрылымға қатысты мәселелер көп екеніне тоқталды.

«Тұрғын үй тапшылығы, жылу, энергия және су желілерінің ескіргені, жолдардың тозып тұрғаны баршаға мәлім. Бүгінгі басқосуға облыс әкімдері қатысып отыр. Жаңадан тағайындалған басшылар да бар. Сіздерге сенім артамыз. Әр аймақты тұрмыс сапасы жоғары «қуатты өңірге» айналдыру үшін зор мүмкіндік беріліп отыр. Табанды жұмыс істеу қажет», - деді Мемлекет басшысы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале