Эпидемиологиялық маусым басталғалы облыстық инфекциялық ауруханада 527 адам ем қабылдады, оның ішінде 412-і (85,7%) – балалар.
Фото дереккөзі: gov.kz
Барлық медициналық ұйымдарда жіті респираторлық вирусты инфекция, тұмау, коронавирустық инфекцияның алдын алу туралы көрнекті ақпараттар орналастырылды (стендтер, брошюралар, үнпарақтар, плакаттар, видеоматериалдар). Тұрғындарға бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып, сондай-ақ санитариялық-ағарту әдістерін қолдана отырып вирусты инфекцияның алдын алу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Облыс бойынша коронавирустық диагнозы анықталған науқастарға 253 төсек орын қамтамасыз етілген 6 инфекциялық стационар жұмыс істеп тұр, оның ішінде 24-і – реанимациялық. Резервте 2184 төсек орын бар, оның ішінде 1214 инфекциялық және 970 карантиндік.
Бүгінгі күнде инфекциялық стационарда коронавирустық инфекция бойынша ем алып жатқандар жоқ. 33 пациент амбулаториялық ем қабылдауда. Емханалар деңгейінде амбулаториялық науқастарды бақылау үшін 42 мобильді бригада жұмыс істеудн. Резервте - 93.
Коронавирустық инфекцияның «Цербер» штамының симптомдары алдыңғы омикрон штаммдарынан айырмашылығы аса жоғары емес. Дене қызуының көтерілуі, буын ауруы, мұрын бітелуі, әлсіздік, кейбір науқастарда ішек жолдарының бұзылысы байқалуы мүмкін. Штамм өзінің жұқпалығының жоғары болуымен ерекшеленеді. Жоғарыдағы симптомдар пайда болған жағдайда міндетті түрде учаскелік дәрігерге хабарласып немесе жедел жәрдем көмегіне жүгіну қажет.
Вакцинация коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларының бірі болып табылады. КВИ-ге қарсы вакцинаның І компонентін 300 801 адам (жоспардың 72,3%-ы), ІІ компонентін – 292 964 адам (жоспардың 70,6%-ы) алды.
Pfizer компаниясының «Комирнати» вакцинасымен 18 055 адам біріншілік вакцинациядан өтті, оның ішінде 461-і жүкті әйелдер, 5 088-і бала емізетін әйелдер, 6 292-і жасөспірімдер, басқа санаттағы адамдар (шетелге шығатындар, мүгедектігі бар тұлғалар, біріншілік курсты алмағандар) – 6214.
Облыс бойынша барлығы 130 201 адам ревакцинациядан өтті. 21 198 адам қайта ревакцинациялаудан өтті.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі