13.12.2022, 13:00
Оқылды: 51

Облыста «Ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту» жобасы шеңберінде 50 денсаулық сақтау нысаны салынады

Биыл Орал қаласында 2 спорт алаңы, аудандарда 24 спорт алаңы және 1 хоккей қорапшасы пайдалануға берілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов баяндады.

556FD02F-5A88-4BA3-8BE5-BE02EFEE3BEE

«Мәдениет саласы бойынша «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында Жаңақала ауданы Мәштексай ауылында мәдениет үйінің құрылысы мен 14 нысанның жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл балалардың бос уақытын тиімді пайдаланып, өнер бағытында сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Орал қаласының Зашаған кентінде Жастар мәдениет сарайының филиалы ашылды. Ақжайық ауданының Чапаев және Тайпақ ауылдарында дене шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары басталды. Сонымен қатар Тасқала ауданының Тасқала ауылында дене шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысына конкурстық рәсімдер мемлекеттік сараптамадан өтуде. 2022 жылы Орал қаласында 2 спорт алаңы, аудандарда 24 спорт алаңы және 1 хоккей қорапшасы пайдалануға берілді. Бұл нысандар балалардың спортпен шұғылдануына кең мүмкіндіктер ашады», - деді Бақытжан Хаберұлы.

2023-2025 жылдары «Ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде облысымызда 50 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жоспарланған, оның ішінде 17 медициналық пункт, 21 фельдершлік-акушерлік пункт, 12 дәрігерлік амбулатория бар. Қазіргі уақытта 2023 жылы құрылатын 14 нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Сонымен қатар, жаңғырту арқылы 2024-2025 жылдары Бөрлі және Казталов аудандық ауруханалары ауданаралық көпбейінді ауруханаларға айналдырылады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале