13.12.2022, 13:32
Оқылды: 46

БҚО-да мүмкіндігі шектеулі балалардың 91,1%-дан астамы оңалту емін алды

Облыста жылжымалы медициналық комплексті қолдану арқылы 26 мыңнан астам балаға медициналық тексеру жүргізілген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов айтты.

3DA80B11-5A26-4AB8-9832-07BDFF68D987

Сурет: basnews.kz

«Балалар жылында атқарылған игі шаралардың бірі – сауықтыру мәселесі. 2022 жылдың наурыз айынан бастап аутизмі бар балаларды қолдау орталығы ашылып, аутистикалық спектрдегі бұзылыстары бар балаларға қызмет көрсетуде. Ағымдағы жылы профилактикалық тексеруден 172 мыңға жуық (93,3%) бала тексеріліп, оның 21 мыңнан астамында (12,3%) ауру анықталды. 18 мыңнан астамы (87,7%) сауықтырылды, қалғаны есепке қойылды. Сонымен қатар 12 аудан және шалғай ауылдық жерлерге облыстың штаттан тыс бас бейінді мамандары іссапарға шығып, жылжымалы медициналық комплексті қолдану арқылы, 26 мыңнан астам балаға медициналық тексеру жүргізді. 3 мыңға жуық мүгедек балалардың 91,1%-дан астамы оңалту емін алды. Атаулы әлеуметтік көмек 18 жасқа дейінгі 9 мыңнан астам балаға көрсетіледі. Мүгедектігі бар тұлғаларды медициналық сауықтыру бойынша тірек-қимыл жүйесінің аппараты бұзылған 403 бала түрлі протез-ортопедиялық құралдармен және 8 бала санаторийлық-курорттық емімен қамтамасыз етілді», - деді облыс әкімінің орынбасары.

Бақытжан Хаберұлының мәлімдеуінше, аудандық, қалалық мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген ережелерге сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2 800-ден астам балаға 222 млн. теңгенің әлеуметтік көмектері берілген.

Сонымен қатар «Балалар жылына» орай балалардың қатысуымен жазатайым оқиғаларды алдын алу мақсатында облыс бойынша жаңа жоба «Қауіпсіз балалық шақ – 2022» атты ведомствоаралық акция жарияланды. Акция барысында жазғы мезгілде балалардың жарақаттануы мен түрлі жазатайым оқиғалардың алдын алу бағытындағы шаралар жүзеге асырылды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале