Оқу-ағарту министрлі бұл ақпаратты теріске шығарды.
Stopfake.kz порталының хабарлауынша, мемлекеттік мектептерде демалыс, сонымен бірге оқу жылының басталатын және аяқталатын мерзімі өзгермейді. Каникул кезеңі өзгеріссіз қалады, яғни оқу күндерінің саны көбеймейді, ал каникул кезеңі азаймайды.
Қазақстандық оқушылар 175 күн оқиды. Каникулдар мен демалыс күндерінің жалпы ұзақтығы - 190 күн(кібісе жылды қоспағанда).
"Бұған дейін аталған мектептердің өкілдері оқу мерзімі мен каникул кезеңін өз бетінше анықтауға мүмкіндік беруді қолдаған еді. Бұл ретте халықаралық және пилоттық мектептер (олардың саны өте аз) белгіленген оқу және каникул күндерімен (175 оқу және 190 демалыс күндері) шектеледі. Каникулды қысқарту туралы мәселе қаралып жатқан жоқ. Мемлекеттік мектептер үшін оқу және каникул мерзімдері бекітілген нормалар шеңберінде әрекет ететінін атап өткен жөн. Биылғы оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 31 мамырда аяқталады, содан кейін каникул басталады", – деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.