14.12.2022, 14:45
Оқылды: 42

26 компания сыйға тарту негізінде мемлекет меншігіне беріледі – Қаржы министрі

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев демонополизациялау аясында компаниялар мен мүліктер сыйға тарту негізінде мемлекет меншігіне берілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

6

Министдің сөзінше, көлік және темір жол салаларындағы 26 компания мемлекеттің меншігіне өтеді.

"Мемлекет меншігіне мүліктер сыйға тарту негізінде өтеді, бюджеттен ешқандай шығын болмайды", – деді Жамаубаев үкімет отырысында.

Сонымен қатар телекоммуникация, темір жол, экология мен қонақүй бизнесі саласындағы АҚ мен ЖШС үлесі, акция пакеттері, нысандар мен жылжымайтын мүлік, қаржы мемлекет меншігіне берілген.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале