Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов Ұлттық қор табысы қандай шотқа аударылатынын түсіндірді.
"Шоттардың операторы "БЖЗҚ" АҚ болады. Келесі жылы бастаманы жүзеге асыру үшін қажетті заңдық өзгерістерді қабылдау жоспарланып отыр", – деді Жақсылықов үкімет отырысында.
Вице-министрдің пайымдауынша, шоттағы қаржыны балалар 18 жасқа толған соң ғана қолдана алады.
Еске салайық, қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ы жыл сайын балалардың шотына аудару туралы бастама көтерген еді. Жиналған ақша үй сатып алуға немесе білім алуына жұмсалады.