Осыған дейін «Ғасыр жасаған ұстаз» деп 100 жасқа толған бөрлілік ұстаз-ана Мария Пащенко туралы жазған едік.
Соғыс жылдарынан бастап ұстаздық еткен ардақты ұстаз, ауданның құрметті азаматшасы Мария Никифоровнаға және жары (өмірден өткен) ҰОС және еңбек ардагері, ауданның құрметті азаматы Пащенко Николай Семёновичке аудандық мемлекеттік архиві жеке тектік қор ашып, тіркеуге алды.
Аталған бөлімнің директоры Баян Мусиева ғасыр иесіне арнайы барып, архив қорына сақтау үшін бірқатар өзі рұқсат еткен құжаттарды алды.
«Ертеңгі тарихты сақтайтын архив. Сондықтан елге еңбек еткен, өнегелі өмір өрнегін қалдырған осындай тұлғалар ертеңгі ұрпаққа үлгі болатындай құнды дүниелерін архив қоймаларында сақтап қалуымыз керек. Қыркүйек айынан бастап білім бөлімі арқылы «Архив және болашақ ұрпақ» атты жоба атқарылып келеді. Архивте осылай сақталған тұлғалардың құжаттары арқылы оқушылар, студенттер жоба немес арнайы материалдар жазып жатса, оларға бұл деген үлкен көмек. Бізге келіп, қажет материалдарды іздеп, тауып жұмыстарын толықтырады»,- дейді Баян Амандәулетқызы.
Айта кетейік қазір архив қорының осындай жеке тектік қорында 15-тен аса тұлға бар.
Сәнім Меңдібай,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz