15.12.2022, 17:30
Оқылды: 60

Белсенді азаматтар марапатталды 

Биылғы жылдың 20 қарашасы ел тарихындағы елеулі күн ретінде есте қалды. Саяси науқан жоғарғы деңгейде өтіп, халық өз таңдауын жасады. Елдігімізді бекемдеп, болашақ ұрпақтың алдындағы жауапкершілігі зор шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысып, қызмет еткен азаматтардың еңбегі өлшеусіз. 

ace75904-3ff5-446f-bfd3-dc3f67e3287a

Осыған орай, жуырда "AMANAT" партиясының Бөрлі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Орынбасар Төлемісов салтанатты түрде ҚР Президентін сайлау науқанына дайындық және оны өткізу жұмыстарына қосқан елеулі үлестері үшін Қасым-Жомарт Тоқаевтың  және кезектен тыс сайлауда үгіт-насихат жұмысына белсене атсалысқан жандарды республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Ерлан Қошановтың атынан алғысхатпен марапаттады.

– Көңіліміз көтеріңкі. Өйткені, атқарған жұмысымыз адал. Аудандық штаб өкілдері халықтық коалица атынан сайлауға түскен Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын халыққа түсіндіру жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізді. Жалпы сайлауды қолдау, Президенттікке үміткер болған Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдап әлеуметтік желілерге пікірлер жазылу барысында белсенділік танытты. Аудан деңгейінде барлық халық көп шоғырланған сауда үйлеріне, кәсіпорындарға барып тұрғындарға дұрыс ақпарат беріп, сайлауалды бағдарламаларын таныстырды. Расында үлкен шара атқарылды. Әрине, сайлау науқанының жоғары деңгейде өтуіне үлестерін қосқан барша азаматтарға алғысымызды айтамыз, - деді Орынбасар Төлегенұлы.

Шара барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғысхатын алғандардың қатарында аудандық мәслихат хатшысы Қайрат Ермекбаев, аудандық мәслихат депутаттары, кәсіпорын, мекеме басшылары да бар. Ал, республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Ерлан Қошановтың атынан алғыс хаты аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рақымжан Ермановқа және аудандық штаб мүшелері мен белсенді азаматтарға бұйырды.

Айым Нұрғалиева, 

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале