17.12.2022, 23:17
Оқылды: 60

Ұландықтармен Тәуелсіздік күніне орай тақырыптық кеш өткізілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының басқармасында Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік тұғырым» атты тақырыптық кеш өтті.

383B98B7-D1ED-4FB1-8A69-F34BB53E7EFB

Әскерилермен өткізілген іс-шарада «Батыс» өңірлік қолбасшылығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Б.Алазов баяндама жасап, ел Тәуелсіздігінің тарихына көз жүгіртіп, Тәуелсіздік жылдары еліміздің жеткен жетістіктеріне тоқталды. Кейін басқарма жеке құрамына Тәуелсіздіктің құндылығы туралы тарихи фильм ұсынылды.

Сонымен қатар «Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінде Тәуелсіздік күніне орай тақырыптық және әдеби кештер өткізілді.

Еліміздің Батысындағы Ұлттық ұлан әскері Тәуелсіздік күнін ең бағалы мейрам күні деп құрметпен қарайды. Олар әрбір әскери қызметші өзінің әскери борышын адал орындаса, еліміздің және әскеріміздің әлеуеті жақсара түседі, соның арқасында Тәуелсіздігіміз нығаяды, себебі Ұлттық ұлан әскері – Тәуелсіздігіміздің тірегі деп біледі.

Капитан Ертуған Әубакир

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале