18.12.2022, 14:20
Оқылды: 49

Допты хоккейден «Ақжайық» жаңа маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» жаңа маусымдағы алғашқы ойындарын Орынборда жергілікті «Локомотивпен» өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2025C9D4-FC6A-4A31-AF5A-3971B6B6CEB1

«Динамо» стадионында 16 желтоқсан күні өткен тартысты матчта оралдықтар 4:5 есебімен есе жіберді.

Бұл кездесуде «Ақжайық» сапында ресейлік легионерлер Артем Лапшин мен Максим Пахомов, сондай-ақ Орал допты хоккейінің түлектері Петр Грибанов пен Болат Мұхит бір-бір голдан соғып, көзге түсті.

Бүгін өткен екінші ойынды оралдық маман Николай Шавалдиннің шәкірттері жинақы өткізе білді. М.Пахомов хет-триктің, А.Лапшин қос голдың авторы атанса, Самат Аманшин мен Павел Чебаков бір реттен доп соға алды.

Осылайша, 7:4 есебімен алғашқы жеңісіне қол жеткізген «Ақжайық» келесі кездесулерін 20-21 желтоқсанда өз айдынында «Знамя-Удмуртия» (Воткинск) командасымен өткізеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале