Шыңғырлау ауданына қарасты Алмаз орта мектебінің құрылғанына 35 жыл. Осы бір айтулы датаға орай ауыл мектебінің ұжымы ұстаздар арасында волейбол және үстел теннисінен аудандық ашық турнир ұйымдастырды.
Білім ордасының мерекесіне арналған жарысқа ауданға қарасты округтердің ұстаздарынаан құрылған командалар қатысты.
Алдымен мұғалімдер волейбол ойынында кім мықтыны анықтады. Қорытындысында үшінші орын Ақшат мектебінің ұстаздарына, екінші орын Тасмола мектебінің командасы еншілесе, бірінші орында алмаздық ұстаздар қанжығасына басты. Ал командасын алға сүйреп, үздік ойын өрнегін көрсеткен Н.Ямашев «Үздік қорғаушы», Ж.Қуанышев «Үздік шабуылшы», Ә.Каукиев «Үздік ойыншы» аталымдарына ие болды.
Ал үстел теннисі бәсекесінде ақшаттық ұстаздар үшінші, алмаздық ұстаздар екінші орын иеленсе, Тасмола мектебінің мұғалімдері бірінші орынға ие болды.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz