Өзбекстанға импортталатын электромобильдер саны шамамен 3 есе өсті. Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА сілтеме жасап хабарлайды.
Өзбекстанның мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, Өзбекстан 2022 жылдың қаңтар-қараша айларында шетелден жалпы құны 61,3 млн АҚШ долларын құрайтын 1912 электромобиль импорттаған.
2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда электромобильдер импорты 1 223-ке өскен.
Өзбекстанға әкелінген электромобильдер негізінен мына елдерден импортталған.
Фото: uza.uz