21.12.2022, 14:45
Оқылды: 63

Интеллектуалдық ойын жеңімпазы анықталды

Кеше аудандық орталықтандырылған кітапханада Казталов ауданының жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Білімділер бәйгесі» интеллектуалдық ойыны қорытындыланды.

12

Мамыр айында бастау алған интеллектуалдық ойынға 18 команда қатысып, білімдерін ортаға салды. Ал финалдық кезеңде аудан әкімі аппаратының «Жалын» және С.Садықов атындағы аудандық мәдени-демалыс орталығының «Жеңіс» командалары ІІІ орынға таласса, Тереңкөл ауылдық округі әкімі аппаратының «Атамекен» және аудандық тұрғын үй-коммуналдық щаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «ЖКХ» командалары бас жүлдені сарапқа салды.

15

Нәтижесінде «ЖКХ» командасы оза шауып, бас жүлдеге ие болса, «Атамекен» командасы ІІ орын, «Жалын» командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Ал, аудандық тұрғын үй-коммуналдық щаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Ерлан Аронов «Үздік ойыншы» аталымына ие болды.

14

Білім бәйгесіне қатысушы барлық командалар алғысхаттар мен естелік сыйлықтармен марапатталды. Бас жүлде цифрлық теледидарды иеленген «ЖКХ» командасы жүлделерін жуырда ғана баспаналы болған Казталов ауылының тұрғыны, ІІІ топ мүгедегі Жұпар Айғожинаға тарту етті.

13

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале