22.12.2022, 14:30
Оқылды: 26

«AMANAT» есеп берді

«AMANAT» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының кезектен тыс XXXII конференциясы өтті. Аталмыш жиынға аудан басшысы Нұрлыбек Даумов, аудандық мәслихат хатшысы Лариса Қайырғалиева және партия депутаттары қатысты.

25
Жиында «AMANAT» партиясы аудандық филиалының 2022 атқарылған жұмысының есебі берілді.
̶  Партия өзінің сайлауалды уәделерін орындау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарды. «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған 7 бағыт, 88 көрсеткіштен тұратын сайлауалды бағдарламасы қабылданған болатын. Көптеген жұмыстарды атқарып жатсақ та, қаражатқа байланысты орындалмаған істер де бар. Атап өтер болсам, Сайқын ауылындағы 16 көшенің асфальт-бетонды төсемі, Сайқын ауылындағы орталық стадионды жаңғырту жұмысы, Бисен ауылдық мәдениет үйінің құрылысы қаражаттың ауыспауы себебінен тоқтап тұр. Орындалмаған істер қатарына ауданға дәрігер тарту, өмір сүру ұзақтығын 65,5 жасқа жеткізу мақсатымызды қоссақ болады. Дегенмен, аталмыш мәселелер бойынша жұмыстанудамыз.

23
Ағымдағы 2022 жылдың 11 айында 131 қоғамдық қабылдау өтіп, оған 255 адам келген. Қорытындысында 107 азаматтың мәселесі шешім тапса, қалған 148 жерлесімізге түрлі тиісті кеңестер берілді.
Партияның бақылау комиссиясы аудандағы әлеуметтік, құрылыс т.б. нысандарының жұмысына 27 партиялық бақылау жасады. Күні бүгін төрт партиялық жоба бойынша нақты жұмыстар жасалуда. Олар, «Ардагерлерді ардақтайық!», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Ұлттық мұра» болып табылады. Сонымен қатар, бақылау комиссиясы әлеуметтік маңызы бар тауарларға, дәріханалардағы дәрі-дәрмекке, жанар-жағармайлар бақылау жұмыстарын қолға алды.
Биылғы ауданда ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауында партияның конференциясы арқылы ұсынылған Орда, Бисен ауылдық округтерінің әкімі лауазымына үміткерлер жеңіске жетіп, төрт жылдық бағдарламасы шеңберінде жұмысын жасауда.
Сонымен қатар, «AMANAT» партиясы қарашада өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысуға халықты шақырып, халықтық коалиция атынан ұсынылған ортақ кандидат Қ.Тоқаевты қолдау бағытында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды. Бүгінгі күні 128 шара өткізіліп, 13530 адам тартылды. Біз қолдаған кандидат аудан бойынша 77,5% дауыс жинады.

26
Аудандық мәслихатындағы фракциясының есебі мәселесіне тоқталатын болсақ. Қазіргі таңда аудандық мәслихатта 11 депутат болса, оның тоғызы «AMANAT» партиясының фракция мүшесі болып табылады. Биыл екі мәселе бойынша үш отырыс ұймдастырылған болатын. Отырыс барысында фракцияда сайлауалды бағдарламаның орындалуы, білім беру бөліміне қарасты мектептердің күрделі жөнделуі және салу барысы, АЖҚС жүйелерінің жанар-жағармаймен қамтамасыз етілуі және азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы талқыға салынған еді, ̶ деді «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Исатай Құрмашев бөлісті.
Жиын соңында, Батыс Қазақстан облыстық конференциясына қатысатын делегаттар ұсынылды.

Еркебұлан Бисенғалиев,
Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале