23.12.2022, 12:45
Оқылды: 84

«Жыл үздігі» – мықтылар марапаты

Жәнібек аудандық мәдениет үйінде «Жыл үздігі – 2022» аудандық жастар сыйлығы мен «Жомарт жүрек» премиясын табыстауға арналған кеш өтті. Кеш «Ақмаржан» халықтық би ансамблінің жастар биімен ашылды.

321329706_3448748092116632_6646178776100791231_n

Сахна төріне аудан әкімінің міндетін атқарушы Жақсылық Абдолов шығып, құттықтау сөз сөйледі.

320740737_706835620797004_7248932157659164585_n

– Баршамызға белгілі, бүгінгі таңда мемлекет тарапынан еліміздің азаматтарына барынша қолдау көрсетіліп, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Мұндай қолдауды, әсіресе жас буын өкілдері сезінуде. Ауданымызда жас буын өкілдеріне қолдау көрсетіп, олардың мүдделерін танытатын ұйымдар, атап айтсақ жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық пен «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігі жұмыс жасап келеді. Ұйымдастырылып отырған шараның негізгі мақсаты – жергілікті атқарушы органдар мен жастар арасында тығыз қарым-қатынас орнату, ауданымыздың дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген әр түрлі саладағы озық жастарды және жомарт жандарды марапаттау болып табылады. Сіздер өз салаларыңызда қажырлы еңбек етіп, табандылық танытып, шығармашылық ізденістердің өрісін кеңейте білдіңіздер. Осы ізгі қасиеттеріңіздің арқасында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып, жомарттық жасап, елге деген сүйіспеншіліктеріңізді көрсеттіңіздер. Осынау жетістіктеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, ұлы мұраттарға бастайтын жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын демекпін, - деді Жақсылық Каримоллаұлы.

320154047_5886748378050319_8533560716895225318_n

Әрмен қарай жыл үздіктері марапатталды.

320664969_1355931568279850_3845942406155917894_n

Дәлірек айтсақ, Борсы ауылдық округінің әкімі Зинхар Бақтығалиев «Үздік жас мемлекеттік қызметкер» атанды. Осы аталым бойынша Ақоба және Күйгенкөл ауылдық округі аппараттарының бас мамандары Гүлфариза Темірғалиева мен Мейірман Сейтеков дипломант болды. «Үздік жас медицина саласының қызметкері» аталымын «AlemDent» жеке тіс емханасының дәрігері Марал Арсенова алса, Ақоба ауылдық амбулаториясының медбикесі Аружан Лазырова дипломды иеленді. Сонымен қатар «Үздік жас ұстаз» аталымы Т.Жароков атындағы орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлмира Чукинаға берілді. Аталмыш сала бойынша Ұзынкөл орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Миргүл Теміржанова, Х.Халиуллин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлнар Әбуова, А.Оразбаева атындағы негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Айымжан Акишева дипломант атанса, аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қосымша білім беру педагогі Жанайым Мұхтарова, Ө.Сахипов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Миргүл Қуанышқалиева аудан әкімінің алғыс хатын алды. Сол сияқты «Жәнібек» балабақшасының тәрбиешісі Әсемгүл Хабиева «Үздік жас тәрбиеші» атанып марапатқа ие болды. Күйгенкөл ауылдық «Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі Аякөз Иманғалиева, «Алтын ұя» бөбекжайының әдіскері Аида Өтешева диплом алса, аудан әкімінің алғыс хатын Ақоба ауылдық «Балауса» бөбекжайының педагог-психологі Мөлдір Абдолова алды. «Үздік жас өнерпаз» – Ақоба ауылдық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы Ләззат Бисекова болса, Ұзынкөл ауылдық «Көзайым» би тобының жетекшісі Аяжан Жақсығұлова дипломант атанса, аудандық саз мектебінің домбыра класының мұғалімі Есім Тұяқбаев аудан әкімінің алғыс хатын иеленді. Аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының әдіскері Ерлан Неғметов «Үздік жас спортшы» аталымына ие болса, №1 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Азат Картес пен Жәнібек спорт клубының аударыспақ бөлімінің жаттырушысы Бекарыс Бейбітұлы аталым бойынша дипломанттар атанды. Сондай-ақ «Үздік жас кәсіпкер» аталымын «AlemDent» тіс емханасының басшысы Алтынбек Ғұбайдуллин алса, фастфуд өнімдерін даярлап, замануи бағытта кәсіпкерлік саласын дамытып жүрген Әділет Ахмурзин дипломант болды. Ал аудан әкімінің алғыс хатын «Диана» автосервисінің басшысы Нұркен Меңдібаев алды. Сонымен қатар ауданда тұңғыш рет дүниеге келген үшемнің ата-анасы Елдос және Ақмарал Сағадатовтар «Жыл жаңалығы» аталымының иегері атанды. Айта кетейік, Әмина, Рәмина, Мәдина есімді үшемнің әкесі Елдос ауданда танымал қолөнер шебері, ауданның 100 жылдық мерейтойына арналған логотиптің авторы.

320805172_1430822144115833_1877621958437226948_n

320809053_552907400075744_8017507959501336747_n

320811397_661673422307167_1560481663806312928_n

321044491_488516986509592_1347069259144105233_n

321099796_703963867790263_6176840825996089420_n

321149917_543176264363616_4491572279872598191_n

321257407_1792675684444374_7374776510560528590_n

Шара барысында «Жомарт жүрек» премиясы табысталды. Жыл меценаттары болып «Құлмұханбет» ШҚ басшысы Қымбат Жұмашева, «Олжа» акционерлік қоғамы ірі логистикалық компаниясының басшысы Сұлтан Неталиев, «Nomad geo Service» ЖШС-інің директоры Махамбет Пайдин мен «Ерсайын» ШҚ басшысы Жеңіс Тарғынов анықталып, марапатталды.

Кеште аудан көркемөнерпаздары Әсем Ғайнуллина, Ләззат Бисекова, Айнара Нұртаева, «Ақмаржан» халықтық би ансамблі көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале