Оқиға 24 желтоқсан күні сағат 18:00 шамасында «Самара-Шымкент» тас жолында, нақтырақ айтқанда Қаратөбе ауданының Қоскөл ауылы тұсында болды.
44 жастағы жүргізуші «Вольво» маркалы жүк көлігін басқара отырып рөлге ие бола алмай, қарама-қарсы бағыттағы 39 жастағы Қырғызстан Республикасы азаматының басқаруындағы «DAV» маркалы жүк көлігімен соқтығысты. Жол апаты салдарынан 44 жастағы «Вольво» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ оның 24 жастағы жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен аурухана жеткізілді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде (Жол қозғалысы ережелерін бұзу).
БҚО ДП баспасөз қызметі