28.12.2022, 16:45
Оқылды: 54

Киікті заңсыз аулап, мүйізін сақтағандар 12 жылға дейін сотталуы мүмкін

Батыс Қазақстан облысының екі тұрғыны киік мүйіздерімен қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

IMG-20221228-WA0000

«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-дан мәлім еткеніндей, оқиға 25 желтоқсан күні Бөкей ордасы ауданы Саралжын ауылдық округінде болды.

«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары мен құқық қорғау органдарының бірлескен рейдтік іс-шаралары нәтижесінде Жәнібек ауданы Жәнібек ауылының 1986 жылғы тұрғыны ұсталды. Одан 24 дана киік мүйізі табылып, тәркіленді. Сол күні аталмыш округ аумағынан 47 жастағы ер адам қолға түсті. Одан 34 дана киік мүйізі тәркіленді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 339-бабы 1-1-бөлігіне сәйкес екі қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Киік мүйізін сақтағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да өзенде қатып қалған 21 киіктің өлексесі табылғанын жазған болатынбыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале