Елімізде 2022 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында 51,7 млрд теңгеге пошта және курьерлік қызмет көрсетілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5%-ға аз.
Ауылды жерлерде осы жылдың 11 айында қызмет көрсету көлемі 2,6 млрд теңгеге жетті.
Курьерлік қызметтердің ең үлкен көлемі Алматы қаласында байқалды, ол 29,8 млрд теңгеге жеткен. , Одан кейінгі тізімде Астана қаласы (5,6 млрд теңге) мен Қарағанды облысы (2 млрд теңге.
Ең аз қызмет көрсету Ұлытау облысына тиесілі – 92,5 млн теңге.