30.12.2022, 16:30
Оқылды: 146

2022 жылы курьерлер қанша сомаға қызмет көрсетті - Ұлттық бюро

ҚР стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы курьерлердің жыл басынан қанша теңгеге қызмет көрсеткенін ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

4

Елімізде 2022 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында 51,7 млрд теңгеге пошта және курьерлік қызмет көрсетілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5%-ға аз.

Ауылды жерлерде осы жылдың 11 айында қызмет көрсету көлемі 2,6 млрд теңгеге жетті.

Курьерлік қызметтердің ең үлкен көлемі Алматы қаласында байқалды, ол 29,8 млрд теңгеге жеткен. , Одан кейінгі тізімде Астана қаласы (5,6 млрд теңге) мен Қарағанды облысы (2 млрд теңге.
Ең аз қызмет көрсету Ұлытау облысына тиесілі – 92,5 млн теңге.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале