5-6 қаңтар күні көршілес Ресей елінде, соның ішінде Волгоград қаласында 2008-2016 жылы туған жасөспірімдер арасында шағын футболдан "Новые имена" турнирі өтті.
Турнирге Жәнібек аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары да қатысып, өнерлерін ортаға салды. Тартысты додада Жәнібек командасы бас жүлдені қанжығасына байлады. Сонымен қатар "Үздік ойыншы" аталымына Әлихан Тұяқов ие болды.
Құттықтаймыз!
Лаура Халина
Жәнібек ауданы