16.01.2023, 15:45
Оқылды: 102

Тазылардың жарысы өтті

Ит жүгіртіп, құс салу қазақтың қанында бар қасиет. Бұл салты бөлек, салтанаты басқа сауық-сайран. Әсіресі жігіттің айбынын асырған желдей жүйрік қазақы иттерге деген қызығушылық алаш баласында алабөтен. Саятшылықты серік етушілер өңірімізде көбейіп келеді. Жуырда Бөрлі ауданында өткен тазы жарысы осыны байқатты.

7

Жарыс «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, Ақсай қаласының солтүстік айналым жолында өтті. Қазақы құмай тазылар арасында оздырылған аудандық турнирге барлығы 10 тазы қатысты. Кейінгі жылдары ғана қанат жайып келе жатқан спорттың бұл түріне қатысуға ниеттілер қатарында ауданымыздың Ақбұлақ ауылынан және Ақсай қаласынан өзге, Бәйтерек ауданынанда қатысушылар келді.

8

Жарыстың қорытындысында Бәйтерек ауданының тазылары өз мықтылықтарын дәлелдеді. Сөйтіп,  үш жүлде де қонақтарға бұйырды. Тазы асырап, саятшылық өнердің қыр-сырын меңгеріп жүрген Нұрлан Мұхтаровтың қос бірдей тазысы («Текті» мен «Қаракөз»)  ептілігі, қырағылығы мен ұшқырлығы арқасында алдарына жан салмай бірінші және екінші орындарды жеңіп алды. Ал, үшінші орын тағы бір бәйтеректік саятшы Қайрат Жангерейдің «Алғырына» бұйырды.

Айым Ғабділбарқызы,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале