17.01.2023, 17:30
Оқылды: 74

Пилоттық жобаны түсіндірді

Бүгін Жәнібек ауданы әкімдігінде аудан әкімі Азамат Сафималиевтің төрағалығымен облыста ауыл халқының табысын арттыруға байланысты «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында ауылдық округтерде жобаны түсіндіру жөніндегі жұмыс тобымен кездесу өтіп, оған ауылдық округтердің әкімдері мен шаруа қожалықтарының жетекшілері қатысты.

4

- Бүгінгі жиынның күн тәртібінде екі мәселе қаралады. Біріншісі, «Ауыл аманаты» жобасын түсіндіру, екіншісі, ауданның ауыл шаруашылығы саласында 2022 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде. Облыс бойынша ауыл халқының табысын арттыру үшін «Ауыл аманаты» жобасының пилоттық нұсқасы әзірленіп, қазіргі уақытта осыны жүзеге асыру мақсатында тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Біздің ауданда бұл жобаға халық саны көп Жәнібек және Ұзынкөл ауылдық округтері енгізілді, - деген Азамат Сафималиұлы келген қонақтарды таныстырып, сөз кезегін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Наурызбай Қарағойшинге берді.

6

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында Жамбыл облысында бастау алған «Ауыл аманаты» пилоттық жобасының тәжірибесін республика көлемінде жүзеге асыру қажеттігін жеткізді. Осы ретте ауылдық елді мекендердегі тұрғындардың табысын 2025 жылға дейін арттыру жөнінде іс-шаралар қолға алынды. Осыған орай облысқа 6,4 млрд теңге несие қаражаты бөлінді. Жеңілдетілген 2,5 пайызбен ұсынылатын бұл несие мал және өсімдік шаруашылығын дамытуға, агроқұрылымдарды, кооперативтерді жабдықтауға, шағын кәсіпкерлікті дамытуға беріледі. Облыста мал басы жыл сайын тұрақты түрде артып келеді. Өңір тұрғындары сүт өнімдерімен отыз пайыз қамтылған. Сүт және сүт өнімдеріне деген импортты азайту мақсатында ірі кешендер мен инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Ауыл халқының табысын арттыру, әлеуметтік жағдайын жақсарту, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін қолдау мақсатында аталмыш несие беріледі, - деген Наурызбай Қадырбайұлы кепілге қойылатын заттың құжаты дұрыс болуына қатысушылардың назарын аударып, басқа да мәселелерге қатысты кеңінен түсінік берді.

5

Жиында сондай-ақ облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Алпамыс Көшкінбаев, «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ Стратегиялық даму және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік департаментінің директоры Алмат Қазиханов, облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы өңірлік даму бөлімінің басшысы Райса Еркеғалиева өз салалары бойынша пікірлерімен бөлісті.

 

7Жиын барысында шаруа қожалықтарының жетекшілері қойған түрлі сауалдарға облыстан келген жұмыс тобының өкілдері мен аудан басшысы жауап берді.

 

Асхат Есіркепов,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале