Кеше сағат түскі 13:09 шамасында Январцев ауылында екі ер адам арасында жанжал шыққаны туралы полицияға хабар түседі.
Сурет: Tengrinews.kz
Оқиға орнында 1960 жылғы және 1991 жылғы екі ер адамның спирттік ішімдік ішкені анықталған. Бөтелкелестер өзара келіспей 1960 жылғы ер адам 1991 жылғы жігіттің басынан балғамен ұрып қалған.
Соққы алған жігіт есін жимаған күйі жан тапсырған. Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Аталған іске қатысты ҚР ҚК 99-бабының 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс ашылып, тергеу басталды, 1960 жылғы ер адам ұсталды», - деді ведомостваның баспасөз қызметі.
Осы оқиға болған үйде 2021 жылдың қараша айында кісі өлімі болған еді.
Дәл сол үйде араға бір жыл жылдан астам уақыт салып тағы да ішімдік ішкендердің арасындағы жанжал адам өлімімен аяқталып отыр.
«Осыған дейінгі және кешегі кісі өлімі бір үйде болғаны рас, бірақ екі оқиғаның бір-біріне қатысы жоқ», - деп мәлімдеді полиция.
Біздің редакция тілшілері осы оқиғаның барысын зерттеу үстінде. Кейін толығырақ ақпарат береміз.
zhaikpress.kz