18.01.2023, 14:29
Оқылды: 32

Қазақстанда 248 бала былтыр жол апатынан мерт болды

Өткен жылы жол апатынан 248 бала мерт болды. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

m6Z4XctUElQEwGOwVvLuXJp42uXyo5sgjpg77gTq.jpg_width=1200Xheight=autoXtype=1

Фото дереккөзі: Baq.kz

«Талдау көрсеткендей, балалармен болған жол-көлік оқиғаларының 90 пайызға жуығы жүргізушілердің кінәсінен жасалады. Көп жағдайда зардап шеккен балаларды ересектер автомобильдерде тасымалдау ережелерін бұза отырып, арнайы ұстағыш құрылғыларсыз немесе қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбай тасымалдайды.

Сонымен қатар көбінесе жолдардың жанында абайсыздықтан (ұялы телефондарды, құлаққаптарды және тағы басқасын пайдалану) жолдың белгіленбеген жерінен, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне немесе жақын келе жатқан көліктің алдынан өту себептері бойынша балалар жол-көлік оқиғасының кінәлілеріне айналады», - деп атап өтеді бірінші вице-премьер жауабында.

Оның дерегінше, 2022 жылы кәмелетке толмағандармен болған жол-көлік оқиғаларының саны 15 пайызға (2 939-дан 3 385-ке дейін) артқан. Соның салдарынан қайтыс болған балалар саны 24 пайызға (200-ден 248-ге дейін) және жараланғандар саны 20 пайызға (3 333-тен 3 989-ға дейін) ұлғайған.

«Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жүйелі негізде жолдардағы балалар өлімін азайту, оның ішінде білім беру ұйымдарының жанында тиісті қауіпсіз инфрақұрылымды қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар қабылдауда. Балалар білім беру мекемелері орналасқан аудандарында 6 мыңға жуық жаяу жүргіншілер өткелі, оның ішінде 1,3 мың реттелетін, сондай-ақ лабиринттік үлгідегі 5,6 мың жаяу жүргіншілер қоршауы, 3 мыңнан астам көлік тұрағы ұйымдастырылған. Білім беру ұйымдарының жанында 4 мыңнан астам жасанды жол бұдырлары, 11 мыңнан астам «Балалар» жол белгілері орнатылған», - деді ол.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале