«ҚазССР-нің білім беру ісінің үздігі», спорт ардагері, ұстаз Валерий Бақтығалиевті еске алуға арналған дзюдо күресінен 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында аудандық турнир өтті.

Ашылу салтанатында Жымпиты ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ардагер спортшының әріптесі, досы Ғилаж Қаналиев, Сырым аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Бауыржан Ихсанов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Турнирге 11 команда, 10 салмақ дәрежесінде 90-ға жуық боз кілем шеберлері қатысты.

Нәтижесінде, жеңімпаздар мен жүлдегерлерден бөлек «Үздік әдіс көрсеткені үшін» жымпитылық Талғат Аманқос, «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясымен Нұртөре Абазбек марапатталды.






Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz