19.01.2023, 19:00
Оқылды: 43

«Қазақстан халқына» қоры - Жақсыбайда

Жақсыбай ауылындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғын үйлердің құрылысы «Қазақстан халқына» қоры арқылы қаржыландырылған болатын. Аталмыш қор қазіргі кезде жиырмадан астам әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда. Осы орайда жүзеге асырылған жобалардың сапасын, тұрғындарға берген әсерін мониторингтеу мақсатында Астана қаласынан арнайы келген «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева мен облыстық құрылыс басқармасы басшысы Әлібек Антазиев Жақсыбай ауылына барып, тұрғындармен кездесті.

IMG-20230119-WA0181

Олар ауыл тұрғындарына арнап салынған үйлерді көріп, олардың сапасына назар аударды. Тұрғындардың қор жұмысына деген ризашылықтарын естіп, тұрғындарға қор тарапынан көрсетілген көмек мемлекеттік қолдау екендігін айтты. Сонымен қатар Ләззат Алтынбекқызы қиын жағдайға тап болған азаматтарды, тұрғындарды далаға тастамайтындығын жеткізді. Тұрғындар өздері пайдаланып отырған баспаналарына көңілдері толатындығына, мемлекеттік қолдаудың арқасында осындай жаңа тұрғын үйге ие болып отырғандарына ризашылықтарын білдірді.

Лаура Қайратқызы

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале