Әлеуметтік желіден мектептердің ылғи біртекті іс-шаралар туралы есептік жазбаларын жиі көреміз. Бәрі тақырыптас, мәтіндес... «Ау, мектептердің өзіндік ізденіс, ауторлық келбеттері қайда қалады сонда?» деген ой келеді ылғи, таптаурын, кейде он оқысаң да түсінбеуіңмен қалатын сол жазбаларды көргенде.
«Мектебімізде 6 «б»-сыныбында «Сыныпта оқушылардың зейінін шоғырландыру үшін интербелсенді әдістер қалай әсер етеді?» тақырыбында зерттеу сабақтары басталды» деп жазады бір мектеп. «Зейінін шоғырландыру» деген сөз бола ма?.. Сөйлемнің құрылысы не болып кеткен?
«...Семинар аясында сынып жетекшілері қағазға жазған нақыл сөздер арқылы «Ата-ана, бала», «Ұстаз» «Мектеп» болып топқа бөлінді. Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» тақырыбында постер қорғады. Сыныпта көбіне проблема болатын «қиынға бейім» оқушының бейнесін сала отырып, олармен мәселені шешу және алдын алу жұмыстарының тиімді жолдарын топ мүшелері көрсете білді» деген жазба да бар. «Қиынға бейім оқушы» деген тіркес құлаққа түрпідей тиіп тұрғанына келісерсіз? Шамасы, калька болар? Қазіргі педагогикалық ізденіс, жаңалықтардың көбі әуелі орысша жазылып барып, қазақшаға сосын аударылады ғой. «Гүл бейнесіндегі отбасы суреті» әдістемесі және «Өрмекші торы» атты тренинг» деген сияқты қолапайсыз дүниелер сондай аудармалардың жемісі. Сонда ұлттық сипаттағы, құлаққа жағымды, жүрекке жылы тиетін, санаға құйыла кететін бірдеңе жасау қолынан келмей ме бүгінгі мұғалім-нің? Әрине, келеді!. Әбден. Тек, шығармашылық еркіндік жоқ. Жоғарыдан нығарлап, мұғалімнің ой жүйесін де бір жерден басқаруға тырысқан әміршілдік-әкімшілдік тырп еткізбейді. Мұның не сыры барын кім білсін... Нәтижесінде, орысша сөйлеп, Google аудармашысы арқылы ғана «қазақша» жаза алатындардың әлгіндей жобаларын ұрпақ «шайнамай жұтуға» мәжбүр.
Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №8 (26.01.2023 ж) нөмірінен оқи аласыздар!
Дариға Мұштанова,
«Үзіліс» арнайы бетінің қоғамдық редакторы,
«Парасат» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалінің, «Ы. Алтынсарин» белгісінің иегері,
ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері,
ҚР Мәдениет саласының үздігі