26.01.2023, 11:00
Оқылды: 143

Сырым ауданында екі басты бұзау туды

Сырым ауданының Жетікөл ауылдық округіне қарасты Қосарал елді мекені тұрғынының сиыры екі басты бұзау туды.

IMG-20230126-WA0023

Жетікөл ауылдық округінің әкімі Айболат Нұрмұхановқа хабарласып, мән-жайды сұрадық. Әкім бұл жөнінде хабардар екенін айтып, қазіргі уақытта бұзаудың өлі-тірі екенін білмейтінін айтты.

Ауыл әкімі мал иесінің телефон нөмірін берді. Бірақ екі басты бұзаудың иесі телефон тұтқасын көтермеді.

Бұзауының біртүрлі екенін байқаған мал қожайыны оны видеоға түсіріп, бейнежазбаны таныстарына жолдаған.

Әлеуметтік желідегі «Типичный Уральск» парақшасындағы дерекке сүйенсек, бірнеше күннен соң бұзау өліп қалған. Ветеринарлар да мұндай ауытқуы бар төл ұзақ өмір сүрмейтінін айтады.

@zhaikpress_kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале