Орал қаласында тұрғын үйдің ауласынан ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 26 қаңтар күні Меңдәлиев көшесіндегі жеке үйлердің бірінде болды.
«Сағат 9.34-те зорлықпен өлтірілген 1966 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Оның басын жарып кеткен. Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, күдікті іздестіріліп жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 22 жастағы мұғалім қыздың өзіне қол салғанын жазған болатынбыз.