26.01.2023, 14:45
Оқылды: 54

Оралда тұрғын үйдің ауласынан ер адамның денесі табылды

Орал қаласында тұрғын үйдің ауласынан ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

IMG-20230126-WA0003

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 26 қаңтар күні Меңдәлиев көшесіндегі жеке үйлердің бірінде болды.

«Сағат 9.34-те зорлықпен өлтірілген 1966 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Оның басын жарып кеткен. Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, күдікті іздестіріліп жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 22 жастағы мұғалім қыздың өзіне қол салғанын жазған болатынбыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале