Кеше А.Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде Республикалық олипиаданың ІІ кезеңі - аудандық пән олимпиадасының ашылу салтанаты болып өтті. Кеше А.Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде Республикалық олипиаданың ІІ кезеңі - аудандық пән олимпиадасының ашылу салтанаты өтті.
Ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Гимні шырқалғаннан соң, сөз кезегі аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Қанапияқызы Жангерееваға берілді. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Өмір бойы білім алу қағидаты» әр өскелең ұрпақтың ұранына айналуы тиіс. Сол кезде ғана адам үнемі ізденісте болады, білімділікке талпынады, даналыққа ұмтылады. Пәндік олимпиадалар оқушы бойындағы қабілетті одан әрі шыңдап, білім бәйгесінде жаңа жеңімпаздардың жұлдызын жағады. Аудандық кезеңде ең мықтылар жеңіске жетіп, үздік өрендеріміз облыста да аудан намысын қолдан бермейді деп сенеміз» деген бөлім басшысы С.Жангереева өз кезегінде жиналғандарды олимпиаданың аудандық кезеңінің ашылумен құттықтап, барша қатысушы оқушыларға сәттілік тіледі. Олимпиаданың жүру тәртібі мен ережелері жөнінде аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі міндетін атқарушы Асыл Закарияқызы Кенжеғалиева хабарлама жасады.
Салтанатты шараның маңызды сәті білім олимпиадасының алауын жағу мәртебесі аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Қанапияқызы Жангереева мен 2021-2022 оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен облыстық олимпиаданың І орын жүлдегері, Республикалық олимпиада қатысушысы Көктерек жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Нұрайна Абзалқызы Аманғалиеваға ұсынылды.
Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне биылғы оқу жылында 257 оқушы қатысып отыр. Аудандық олимпиада 30.01 - 03.02 аралығында пән бойынша бөлініп өтеді. Былтырғы оқу жылы ауданымыздан облыстық пән олимпиадасына 10 оқушы жолдама алып, 2 оқушы білім додасынан жүлделі орындармен оралды.
Жансая Жұмажанқызы,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz