31.01.2023, 17:52
Оқылды: 48

Ауылшаруашылық кооперативі тіркелді

Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиевтің қатысуымен Сарой ауылдық округінің әкімі Айбол Жакиевтің халықпен кездесу жиыны өтті. 

IMG_2131

Округ әкімінің берген мәліметіне сүйенсек, 2022 жылы қыркүйек айында республикадан бөлінген 60 млн тг көлеміндегі қаржыға Шағырлой - Жымпиты су трассасының 13 шақырымына «БатысГазСтрой» ЖШС қазу жұмыстары жүргізсе, қалған жұмыстар ағымдағы жылы жүзеге асырылмақ. Сарой ауылдық округіне қарасты электр бағаналарын ауыстыру мәселесі де жолға қойылған. Аудандық электр торабы мекесінің жоспарына сәйкес, былтырғы жылы Қызылтаң елді-мекенімен Шағырлой ауылы арасындағы тозығы жеткен сегіз электр бағаны мен Бұлдырты-Көздіғара бағытының ​51 бағаны жаңартылған.

​Аталған округтің тазалығына жеке кәсіпкерлер де аянып жатырған жоқ. Соның бірі, шілде айында жеке кәсіпкер Берік Кубаев техникасымен Шағырлой, Көздіғара ​ полигонды тазалау, жинастыру жұмыстарын жүргізген болса, биылғы Көздіғара ауылының қоқыс полигонын қоршау жұмыстары жоспарда тұр.

Ауылдық округтің негізгі күнкөрісі – ауылшаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы.

​Округ бойынша ірі қара малы 4918 бас, ​ қой мен ешкі 9707 бас, жылқы ​ 3662 басты құраса, мал басы ірі қара малы ​ 5430 басты құрап 412 басқа, жылқы 4212 басты құрап 540 басқа өссе, қой мен ешкі 11057 басты құрап, 1350 басқа өсіп отыр.

Бүгінгі таңда ауылдық округте 29 шаруа қожалығы мен 3 заңды тұлға ауыл шаруашылық кооперативтері тіркелген.

​Шаруашылықтардың барлығы дерлік қазіргі кезде мал өсіру, мал басын асылдандыру және мал азығын дайындау жұмыстарымен айналысуға бағытталған. 3 шаруа қожалығы асыл тұқымды мал өсірумен айналысады, атап айтқанда, «Бекжан», «Рахмет» шаруа қожалықтары ірі қара малын, «Жақыбалы» ЖШС ұсақ мал басын асылдандыруда. Былтыр «Рахмет» шаруа қожалығы асыл тұқымды 178 бас аналық, 24 бас аталық еділбай қой тұқымын сатып алды.

Ал, шағын және орта кәсіпкерлік саласында 2 жеке кәсіпкер сауда-саттық саласында дүкендерде, 29 жеке кәсіпкер «Береке», «Игілік», «Іскер» сынды мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, жұмыс жасауда.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негізде «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы 2 адам оқып, сертификатын алды.

Бір жұмыссыз азаматша 1 млн 225 мың теңгенің мемлекеттік грантына ие болды.

​Ағымдағы жылы Сарой ауылдық округі үшін Шағырлой, Көздіғара ауылдарында «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатырған су жүйесінің жұмыстарын бақылауда ұстап, толықтай жүзеге асыру, Көздіғара ауылының қоқыс төгетін полигонын қоршау, коммуналдық меншікке берілетін тұрғын үйдің құжаттарын рәсімдеу және Шағырлой ауылындағы зираттарды демеушілердің көмегімен ​ қоршауды ұйымдастыру секілді бірқатар маңызды жоспарлар тұр.

IMG_2132

​Аталған кездесу жиынына бірқатар мекеме басшылары мен «Заң керуені» акциясы аясында аудан прокуроры Нартай Байменов мал ұрлығы, алаяқтық, жол ережелерін сақтау бағытында баяндама жасады.

Жеке сұрақтары бар тұрғындар үшін қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале