2.02.2023, 9:30
Оқылды: 62

Үш күнде 180 өтініш тіркелген

Облыс бойынша 227 адам Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына өзін-өзі ұсынған. Оның төртеуі – Мәжіліс, төртеуі – облыстық, қалғаны қалалық және аудандық мәслихаттарға өту үшін бақ сынап көрмекші. Бұл туралы сейсенбі күні өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов айтты.

1200xauto_NDWh3WRJOEQ8JQIyXGArFbdfDaRLprj6yZSljp50

Фото дереккөзі: El.kz

Ғайса Хамидоллаұлының мәліметінше, депутаттыққа ұсынылу туралы өтініштердің 180-і соңғы үш күнде тіркелген. Сонымен қатар жуырда өңірімізде филиалдары  бар жеті партия өз үміткерлерін анықтап, Мәжіліс пен мәслихаттарға ұсынады. Облыс бойынша 173 округтік, 14 аумақтық сайлау комиссиясы жұмыс істеуде. Сайлау комиссиясында 4101 мүше бар.

Бүгінде сайлаушылардың тізімі жасалып жатыр.

– Үміткерлердің өтініштері сайлау комиссиясының отырыстарында қаралып, заңға сәйкес тиісті шешім қабылданады. Қаражат мәселесіне келсек, сайлауға байланысты қаржы көлемі нақты бекітілген жоқ. Ол қанша кандидаттың сайлауға түсетініне байланысты. Бір атап өтетін жайт, бөлінген қаражаттың 92 пайызы сайлау комиссиялары мүшелерінің еңбекақысына, қалғаны үгіт-насихат жұмыстарына жұмсалады, – деді облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов.

Өз тілшіміз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале