Облыс бойынша 227 адам Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына өзін-өзі ұсынған. Оның төртеуі – Мәжіліс, төртеуі – облыстық, қалғаны қалалық және аудандық мәслихаттарға өту үшін бақ сынап көрмекші. Бұл туралы сейсенбі күні өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов айтты.
Фото дереккөзі: El.kz
Ғайса Хамидоллаұлының мәліметінше, депутаттыққа ұсынылу туралы өтініштердің 180-і соңғы үш күнде тіркелген. Сонымен қатар жуырда өңірімізде филиалдары бар жеті партия өз үміткерлерін анықтап, Мәжіліс пен мәслихаттарға ұсынады. Облыс бойынша 173 округтік, 14 аумақтық сайлау комиссиясы жұмыс істеуде. Сайлау комиссиясында 4101 мүше бар.
Бүгінде сайлаушылардың тізімі жасалып жатыр.
– Үміткерлердің өтініштері сайлау комиссиясының отырыстарында қаралып, заңға сәйкес тиісті шешім қабылданады. Қаражат мәселесіне келсек, сайлауға байланысты қаржы көлемі нақты бекітілген жоқ. Ол қанша кандидаттың сайлауға түсетініне байланысты. Бір атап өтетін жайт, бөлінген қаражаттың 92 пайызы сайлау комиссиялары мүшелерінің еңбекақысына, қалғаны үгіт-насихат жұмыстарына жұмсалады, – деді облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов.
Өз тілшіміз
14:4530.03.2023
БҚО-да облыстық мәслихаттың сегізінші шақырылымының алғашқы сессиясы өтті
16:002.02.2023
«Сайлауалды бағдарламасын орындамаса депутатты мандатынан айыра аламыз»
15:002.02.2023
Сайлауға жауапкершілікпен қатысуға шақырды
11:4527.01.2023
Батыс Қазақстанда мәслихаттарға 188 депутат сайланбақшы
2.02.2023, 15:00
27.01.2023, 11:45