Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов 7 ақпан күні І тоқсандағы халықпен кездесуін бастайды.
Кездесуге қалалық бөлімдердің басшылары, ветеринария, прокуратура және жергілікті полиция, «Antikor» қызметінің өкілдері қатысады.
Шаһар басшысы кездесуде жиналған тұрғындардың түйткілді сауалдарына жауап беріп, алдағы жоспарлар жайында баяндайды. Қала тұрғындарын кездесуге белсенді қатысуға шақырамыз.