Орал қаласының әкімі Миржан Сатқановтың халықпен кездесулері басталды.
Суреттер Орал қаласы әкімдігінің Instagram парақшасынан алынды
Шаһар басшысының бұл жылғы алғашқы кездесуі №44 мектепте өтті.
Орал қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, кездесу барысында қала әкімі алдымен 2023 жылдың жоба-жоспарлары туралы қысқаша айтып, жол, аулаларды абаттандыру, сумен қамтамасыз ету, қоғамдық көлікке қатысты басты мәселелер жайынан хабардар етті.
Қала әкімімен кездесу барысында тұрғындар қоғамдық көлік, аулаларды абаттандыру, жасыл-желекті талаптарға сай отырғызу, аялдамалар атауын өзгерту, иесіз иттер және зейнеткерлерге арналған демалыс орындарын ашу сынды мәселелерді көтерді.
Кездесуде қала әкімі тұрғындардың 20-дан астам сауалына жауап берді.
Ал жеке мәселелері бойынша келген тұрғындар кездесуден кейін шаһар басшысы мен құзырлы бөлім басшыларынан жауап алуға мүмкіндік алды.
zhaikpress.kz