9.02.2023, 16:00
Оқылды: 36

Ақынмен өткен әсерлі кеш

Жуырда Шыңғырлау және Л.Қылышев атындағы мектептері кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп», «Әдеби Ақжайық» жобалары аясында  TEDx форматында «Жайықтың жайсаң ақыны» тақырыбында Жаңақала ауданының тумасы, ақын, айтыскер, сазгер, әнші Әбдіжаппар Әлқожаның, Әділ Ахметовтің, Ердәулет пен Айкөркемнің орындауындағы көптеген әндердің авторы Орынбек Меңдіқұлмен кездесу кеші өтті.

фото Ақын

Кездесу Шыңғырлау аудандық тарихи музейімен танысудан басталды. Шараға қос мектептің  7,8,9 сынып оқушылары мен ұстаздар қатысты.

Кеш барысында ақынның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін бейнеролик көрсетіліп, жыр сүйер оқырмандар мәнерлеп өлең оқып, әндер шырқалды. «Еркем-ай» би тобы да өнер көрсетті. Кеш иесі көрермендердің сауалдарына жауап беріп, соңғы жазылып жатқан жаңа туындысымен бөлісіп, қызықты әңгіме өрбіді.

 Мерекелік шара соңында кеш қонағына аудандық білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Есенов табыс тілеп, алғыс хат  пен естелік сыйлық табыс етті.

Ақын өз кезегінде жиналған қауымға, ұйымдастырушыларға  алғысын білдіріп, арнауын орындады.  Бұл кездесуден оқушылар мен ұстаздар ерекше әсермен тарқасты.

 

Айгүл Даулетова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале