9.02.2023, 21:12
Оқылды: 47

Жүргізуші мас күйінде болған

Ағымдағы жылдың 5 ақпан күні Орал қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылы бойында "Тойота Камри"маркалы автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі “Ауди-80” маркалы автокөлігін соққан болатын. Жол апаты салдарынан 33 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

WhatsApp Image 2023-02-09 at 19.06.58

Фото: sputnik

Ал “Тойота камри” маркалы автокөлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

- Аталған жүргізуші ҚР ҚІЖК-нің 128-бабы тәртібінде ұсталды және Орал қалалық ауруханасындағы арнайы бөлімге орналастырылды. 09.02.2023 жылғы сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы кезінде аталған жүргізуші мас күйінде болған. Қандағы алкоголь мөлшері 1,34 промиллені құрады. Азамат күдікті ретінде ҚР ҚІЖК-нің 128-бабының тәртібімен ұсталды. Қылмыстық іс ҚР ҚК 345-1-бабының 3-бөлімінде қайта сараланды (Мас күйінде жол қозғалысы ережелерін бұзу, адамның өліміне әкеп соқтыру), - деп хабарлайды БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале