10.02.2023, 16:00
Оқылды: 38

ҚР АШМ қант туралы: Министрліктің міндеті түпкілікті нәтижені қамтамасыз ету үшін барлық мемлекеттік органдардың жұмысын жүйелеу

Орталық коммуникациялар қызметінде сараптамалы қоғамдастық Қазақстанның қант саласын дамытудың проблемалық мәселелері мен перспективаларын талқылады. Дөңгелек үстел отырысына мүдделі министрліктер мен ұлттық компаниялардың өкілдері, қант зауыттары мен салалық қауымдастықтың басшылары қатысты. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

d9bf7f80537b2987ca329b417fcc2fa7_1280x720

Былтыр елімізде алдағы бесжылдыққа арналған қант саласын дамытудың кешенді жоспары бекітілді. - Атап айтқанда, қант қызылшасының егіс алқаптарын кеңейту арқылы қант зауыттарын шикізатпен тиеу бойынша шаралар қабылданды. Жұмыс істеп тұрған зауыттар жаңғыртылып, қаржыландыру және нарықты қорғау қамтамасыз етіліп жатыр. Нәтижесінде 2026 жылға қарай отандық өндірістің үлесі 7% - дан 43% - ға дейін артуы тиіс, деп атап өтті ҚР АШМ Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Қанат Жауымбаев.

0833dd6ea95a407c9badc9edb1c8ce57_1280x720

Қанат Жауымбаевтың айтуынша, биыл әкімдіктер қант қызылшасының егіс алқаптарын 6,5 мың га, яғни 18,1 мың гектарға дейін кеңейту және оларды сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Субсидиялау нормативін 15 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін ұлғайтудың арқасында қызылша өсірушілер өз өнімінің бір тоннасын 40 мың теңгеге сататын болады. Осылайша, қант қызылшасының рентабельділігі басқа дақылдар деңгейіне жеткізіледі.

Сондай-ақ, Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, Салық кодексіне қант өндіруге және қамыс шикізатын әкелуге салықтық преференциялар беру бөлігінде түзетулер енгізілді.

Жол картасы шеңберінде айналым схемасы бойынша қант зауыттарын қаржыландыру бойынша іс-шаралар көзделген. Бұған облыс әкімдіктерімен 25 млрд теңге бөлу қарастырылып отыр.

«Елімізде 4 қант зауыты бар. Соның негізінде керемет кластер жасауға болады. Қант кластері шаруаларды инфрақұрылыммен ғана емес, қаржыландыру, агротехнологияларды сақтау, техникалық және технологиялық қамтамасыз ету мәселелерімен де қамтамасыз ете алады. Әрине, сату мәселесі де бар. Кепілдендірілген сату кластердің өзегі – қант зауыты арқылы қамтамасыз етіледі. Сондықтан біз жол картасын кеңейтіп, 4 зауыт базасында қант кластерлерін дамыту бойынша ұсыныстарды енгізетін боламыз», - деді Қанат Жауымбаев.

Аталған бастаманы «Бәйтерек» ҰБХ» қолдауға дайын. Холдинг қант зауыттарына жабдықтарын жаңартуға жеңілдетілген несиелер бере алады, сонымен қатар несие серіктестіктері арқылы қант қызылшасын өсіретін фермерлердің айналым қаражатын қаржыландырады. Осылайша, қант кластерін құру «Бәйтеректің» қаржылық ұсынысымен табысты кооперациялануы мүмкін.     Негізгі қант зауыттарының бірі - Ақсу зауытын наурыз айында іске қосу жоспарланып отыр, оның қуаттылығы шамамен 40-50 мың тонна қамыс қант шығаруға мүмкіндік береді. Зауыт қайта жабдықталып, жаңа желі орнатылды, қазір іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 3 мың тонна қант қамысын жеткізуге келісім-шарт жасалды.

Жалпы негізгі қант өңірлерінің бірі - Жетісу фермерлері биылғы жылы 8,1 мың га алқапқа қант қызылшасын егіп, 283,5 мың тонна өнім жинауды жоспарлап отыр. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы  Нұрдәулет Кененбаевтың ақпараты бойынша, қазір қажетті агротехникалық іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Мәселен, Көксу қант зауыты қызылша қуатымен толық қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар логистика, шикізат пен дайын өнімді тасымалдау шығындарын азайту, мазутты арзандатуды газдандыру мәселелері пысықтауды талап етеді. Тағы бір маңызды мәселе - қант зауыттарын дамыту үшін теміржол құрылысын қаржыландыру болып отыр.

Қазақстанның қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының   басшысы Айжан Наурызғалиева қант алаңдарын сумен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Бұл әсіресе елдің оңтүстік аймақтарына қатысты.

Жалпы Ауыл шаруашылығы министрлігінің міндеті - түпкілікті нәтижені қамтамасыз ету үшін барлық мемлекеттік органдардың жұмысын жүйелеу. Саланы дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, 2026 жылға қарай қант қызылшасының егістік алқаптары 60 мың гектарға жетуі тиіс, бұл қант импортына тәуелділікті төмендетуге және отандық нарықты өз өнімімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале