13.02.2023, 14:45
Оқылды: 6

Алмаздағы аламан

Шыңғырлау ауданына қарасты Алмаз ауылында үстел теннисінен ашық турнир өтті. Ауыл жастарын салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, үстел теннисіне деген қызығушылығын артыру мақсатында ұйымдастырылған жарыс екі күнге созылды.

IMG-20230212-WA0103
Жарыстың алғашқы күні ересек спортшылар медаль жиындығын сарапқа салды. Қорытындысында Ануар Таубаев үшінші, Мейрамхан Амантурлин екінші орын иеленсе, қарсыластарының барлығын жеңген Айдос Мақсотов жарыс жеңімпазы атынды.

Ал жұптық сынға келсек, бұл бәсекенің қола жүлдесі Ержігіт Жамигов пен Игілік Әтшібаев, екінші орын Асқар Дәулетов пен Сағындық Құсайынов жұбына бұйырса, бәсекенің бас жүлдесін Айдос Мақсатов пен Ануар Таубаев командасы жеңіп алды.

IMG-20230212-WA0105
Ауылдың жасы да жасамысы да қатысқан теннис бәсекесінің көркін балғын спортшылар қыздырды.

3-5 сыныпта оқитын ұл-қыздар жарысында Ералы Задыгерей үшінші, Аяжан Басурманова екінші орын иеленсе, Ернұр Қобыланды бірінші орынды қанжығалады.

Сонымен қатар 6-8 сынып оқитын теннисшілер де өзара мықтыны анықтады.

Ол жарыс қорытындысында Сейілхан Айтқалиев үшінші, Диас Сүйсенов екінші, Ерназ Қобыланды бірінші орынға ие болды.

Ал 9-11 сынып оқушылары арасындағы жарыста Ержігіт Жамигов үшінші орынға, Фархат Маратов екінші орынға жайғасса, Ералы Айтқалиев жарыс жеңімпазы атанды.

IMG_20230213_134140
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Самғат Жантөринов,
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале