14.02.2023, 10:30
Оқылды: 37

Ортақ үйімізге айналды

Кітапқұмар едім, сегізінші сыныптан бастап кітапхана оқырмандары тізіміне ендім. Апта сайын кітап алып тұратын мені апайлар әбден танып, кейін өздері кітап таңдап беретін болды.

энгельс шынгали

Бара-бара оқырмандармен бірге оқыған кітаптарды талқылауға шақыратын, өз ойымды білдіруді сұрайтын. Бұл үрдіс менің ортаға үйреніп, ойымды білдіруге талпынта бастады, кей мәселелерді талқылауға жетеледі. Соңы журналистік мамандықты қалауыма бастап әкелді. Одан әрі мамандыққа оқу, оны жетілдіре беру жолы жалғасты, газет жұмысына араластым. Жылдар өте редактор болдым.
Әрдайым оқырманның назарындағы газеттің тізгінін ұстау, баршаның көңілінен көріну оңай емес. Ондайды үлгі етер қатарластар, ойы бірге қаламдастар керек, ортақ мәселені оңтайлы шешер ортақ ұйым қажеттігі туындайды екен. Бұл орайда облыс орталығынан бас қосар ортақ ұйымның ашылуы оңды болды. Ол журналистер жағдайын ғана емес, сондай-ақ басшылар үшін де ортақ мәселемізді шешетін орынға айналды. Менің ойымша, осы бірлескен, ақылдаса шешімін тапқан жұмыстар бүгінгі үлкен жетістіктерге жетудің негізін қалады десек орынды. Яғни басымызды біріктіріп отырған «Жайық Пресс» медиахолдингінің осындай маңызды рөл атқарып отырғаны анық. Әу баста оның басы-қасында Ғалиасқар Қосанов, Серікқали Сәрсенов, Мағжан Кенжеғалиев сынды аға буын өкілдерінің болуы, олардың ақыл-кеңестері алға жетелеп отырды.

Энгельс Шыңғали
ардагер журналист,
Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале