14.02.2023, 21:56
Оқылды: 52

Қауіпсіздікті сақтау жұмыстары жүргізілді

Бүгін Сырым ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен, №14 өрт сөндіру бекеті, аудандық «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» қызметкерлері бірлесіп және ерікті жастар тобымен, Жымпиты ауылының тұрғындарына «Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі маусымы» және «Су айдындарында мұздың қатуы мен еруі кезінде қайғылы жағдайларға жол бермеу тәсілдерін оқыту сабағы ұйымдастырылды.
image-14-02-23-09-42-2
image-14-02-23-09-42
Шара барысында тұрғындарға жылыту пештері мен газ құрылғыларын, электр жылытқыш құралдарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды, жылыту мезгілінде 2 айда бір реттен кем емес мұржаларды тазалап тұру, жылыту пешінің айналасына жанғыш заттарды қоймау, балаларға пешті немесе газды бақылауды тапсырмау, балалардың отпен ойнауына жол бермеу және өрт қауіпсіздік шараларын қатаң түсіндіруге назар аударылды.
image-14-02-23-09-42-3
Сонымен қатар, «Баршаның назарына» дабылы берілген кезде тұрғындардың дереу теледидарды, радиоқабылдағыштарды қосып, шұғыл әрекет ету туралы хабарламаны мұқият тыңдап, сол бойынша іс-қимыл жасаулары туралы айтылды. Рейд шаралары өз жалғасын табады.
Сырым ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі 
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале