15.02.2023, 15:15
Оқылды: 52

Ашық есік күні өтеді

17 ақпан күні сағат 10.00 мен 12.00 аралығында «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығында мүгедектігі бар тұлғаларға арналған ашық есік күні өтеді.

Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

InShot_20230215_151210603

Өңірде мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды толғандырып жүрген өзекті мәселелер мен ұсыныстарын бірлесіп талдау мен шешу жолдарын қарастыру мақсатында өткелі отырған ашық есік күніне тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен «Отбасы банкі» өкілдері қатысады.

Бұл күні мүгедектігі бар тұлғалар өз өтініштері мен сауалдарын қою алады.
Кеңес алуға ниет білдірушілерді ашық есік күніне шақырамыз!

Уақыты: 17.02.2023 жыл,  сағат 10.00 мен 12.00 аралағында.
Мекенжайы: М.Ықсанов көшесі, 46/1 үй
Байланыс нөмірі: 51-99-99

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале