16.02.2023, 15:46
Оқылды: 27

Ұлттық біліктілік жүйесінің құралдарын сынақтан өткізу үшін пилоттық жобалар іске қосылды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктері Атырау облысының әкімдігімен және «Еділ-Орал.kz» ЖШС сертификаттау орталығымен бірлесіп Ұлттық біліктілік жүйесінің негізгі құралдарын сынақтан өткізу бойынша пилоттық жобаларды іске асыру туралы келісімге қол қойды. Оның қолдану тәртібі «Кәсіби біліктілік туралы» заң жобасында регламенттелген. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. 

db1fec5a-6fd6-4476-b91f-d474b017683d

«Білім беру жүйесінде кәсіби стандарттарды қолдану» пилоттық жобасы шеңберінде 2023 жылдың ішінде мамандарды даярлауда әзірленген немесе білім бағдарламалары жаңарту кезінде бекітілген кәсіби стандарттарды 100 % қамтуды қамтамасыз ету жоспарлануда.

«Тәуелсіз сертификаттау жүйесін енгізу» пилоттық жобасының жоспарына сәйкес сертификаттау орталықтары мен жұмыс берушілер мұнай-газ саласындағы кемінде  сұранысқа ие бес мамандықты анықтап, оларға тәуелсіз сертификаттау процесін сынақтан өткізеді. Пилоттық жобаның негізгі көрсеткіші болып 100-ге сертификатталған мамандарды жұмысқа орналастыру болмақ.

Пилоттық жобалардың негізінде барлық салада білім беру бағдарламаларын әзірлеуде кәсіби стандарттарды одан әрі қолдану үшін тиімді негіз құрып, біліктілікті растау мен жетілдіру жүйесін қалыптастыру жоспарлануда. Бұл еңбек нарығын жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар жұмыс берушілердің мамандарды даярлаудағы талаптарын ескеріп, еңбек нарығында талапкерлерге деген сұранысты арттырады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале