21.02.2023, 23:46
Оқылды: 79

Халықтың табысын арттыру – басты міндет

Өткен аптада аудан әкімі Рүстем Зұлқашев ауылдық округтердің тұрғындарымен кездесті. Халықпен кездесу жиындарында аудан тұрғындарының басым көпшілігі мемлекеттік бағдарламаларды егжей-тегжейлі түсіндіруді талап еткен болатын. Ұсыныс ескеріліп, 21 ақпан күні аудан әкімінің орынбасары Ғаділбек Әлібеков Жалпақтал және Қараөзен ауылдық округтерінде жұмыс сапарымен болды.

20230221114332_IMG_6892

Ғаділбек Әлібекұлы алдымен Жалпақтал ауылдық округінің әкімімен кездесіп, «Ауыл аманаты» бағдарламасы мен округтің ауыл шаруашылық саласындағы түйткілді мәселелерді талқылады. Жалпақталдық ағайынмен кездесу ұйымдастыру жоспарланғанымен алдын ала жазылған тұрғындар жеке қабылдауға келмеді. Содан соң аудан әкімінің орынбасарының жұмыс сапары Қараөзен ауылдық округінде жалғасын тапты.

20230221114318_IMG_6891

Мақсат айқын. Ауылдық мәдениет үйінде жиналған қараөзендіктерге Ғаділбек Әлібекұлымен бірге аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Сергей Тоқпанов, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Эльмира Сармалаева  «Ауыл аманаты», «Жастар іс-тәжірибесі», «Күміс жас», «Алғашқы жұмыс орны», жастарға арналған 2.5 пайыздық несие, ақылы жұмыс жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

20230221052025_IMG_6867

- Мемлекет тарапынан халықтың табысын арттыру мақсатында қолдау шаралары жүргізіліп отыр. Бұл  арқылы біз аудан халқының әл-ауқатын жақсартуға мүдделіміз. Мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланып, игілігін көремін деген азаматтарға мүмкіндік мол. Тек бөлінген қаржыны мақсатты жұмсап, ауылдасымызды жұмыспен қамтып, округтің қала берді ауданымыздың экономикасына өз үлесімізді қосуымыз керек, - деді аудан әкімінің орынбасары.

20230221114355_IMG_6894 (1)

Қараөзен ауылдық округінде өткен жиында тұрғындар бағдарламаларға қызығушылық танытты. Кәсіп ашып, игілігін көремін деген жанға барлығы бүге-шігесіне дейін түсіндірілді. Тәуекелге барып, ойға алған жоспар жүзеге асса, мақсатқа жетеріміз анық.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале