Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Азиядағы бас хатшысы Қайрат Сарыбаймен кездесті, деп жазады ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Кездесу барысында тараптар Кеңеске мүше мемлекеттердің жетекші университеттерінің серіктестік желісін құру жөніндегі тұжырымдама мен жол картасының жобасын қарады.
Сондай-ақ, студенттердің өңірлік академиялық ұтқырлығын дамыту, ғылыми қоғамдастықты нығайту, АӨСШК елдерінің біліктілігін тану бойынша халықаралық конференция өткізу мүмкіндігі мәселелері сөз болды.
Фото: www.gov.kz