23.02.2023, 18:00
Оқылды: 51

Саясат Нұрбек Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің бас хатшысымен кездесті

 Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Азиядағы бас хатшысы Қайрат Сарыбаймен кездесті, деп жазады ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

ac1d177e242d2d0311be2477ad272df0_1280x720

Кездесу барысында тараптар Кеңеске мүше мемлекеттердің жетекші университеттерінің серіктестік желісін құру жөніндегі тұжырымдама мен жол картасының жобасын қарады.

87a5f76e9ce7f9916b27b24e86f9639e_1280x720

Сондай-ақ, студенттердің өңірлік академиялық ұтқырлығын дамыту, ғылыми қоғамдастықты нығайту, АӨСШК елдерінің біліктілігін тану бойынша халықаралық конференция өткізу мүмкіндігі мәселелері сөз болды.

Фото: www.gov.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале