27.02.2023, 12:02
Оқылды: 41

Жерлесіміз Әмір Закиров Breaking for Gold брейк данс турнирінің жеңімпазы атанды

Әмір Закиров Жапонияда өтіп жатқан Breaking for Gold брейк данс турнирінің жеңімпазы атанды. Алтын медаль үшін күресте қазақстандық биші АҚШ пен күншығыс елінен келген қарсыластарынан озық шықты, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

933CEEBC-ADDB-4AB5-AF83-D95E71789555

Жарысқа әлемнің 48 елінен барлығы 180 шебер брейкдансер қатысты, оның 99 жігіт және 81 қыз.

Осы ретте, Әмір Нидерландыдан келген 4 дүркін әлем чемпионы Menno мен канадалық қазіргі әлем чемпионы Phil Wizard басым түсіп, турнирдің өте қиын кезеңінен өтті. Сондай — ақ, ол былтырғы әлем чемпионатының финалисті жапондық Shigekix-ті жеңді.

«Мен Әмірдің осы деңгейдегі турнирлердегі алғашқы және соңғы жеңісі емес екеніне сенімдімін. Әмірді және барлық қазақстандықтарды толағай табыспен құттықтаймын, сондай-ақ чемпионымызға қарқынын үдетпей 2024 жылғы Олимпиадада Қазақстан атынан лайықты өнер көрсетуін тілеймін», - деп жазды Асхат Оралов өзінің Facebook парақшасында.

Айта кетейік, брейкданс 2024 жылғы Олимпиадада ресми дисциплинаның бірі болады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале